Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн – Тоқаев
1 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына бүгінгі кезекті Жолдауында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Елімізді инновациялық жолмен дамыту үшін Астанада және Алматыда қажетті экожүйе қалыптастыруға мән беріліп отыр. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін.
Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 20:04
Алматы ауданында зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті
Бүгін, 17:49
Елордада «Наз» мемлекеттік би театрына арналған кітаптың тұсаукесері өтті
Бүгін, 16:37
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға арналған орталық ашылады
Бүгін, 15:06
Мәслихат депутаттары елордадағы жастар орталықтарының жұмысымен танысты