Астана балабақшаларында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады
Елордада мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Атап айтсақ №54, №60, №66, №95 мектепке дейінгі ұйымдарындағы инклюзияны қолдау кабинеттері аутизмі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру процесіне қосу, мектепке даярлау және қоғамға әлеуметтендіру мақсатында ашылып жатыр.
Одан өзге, №8, №11, №30, №76 балабақша жанындағы 4 шағын орталықта қосымша инклюзияны қолдау кабинеттері қолданысқа беріледі. Бұл «Әрбір бала мектепке лайық» жобасы аясында іске асырылуда, - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда аталған балабақшаларда психолог, логопед, дефектолог, педагог-ассистент мамандары психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын істеп жатыр.