00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Антикор басшысы Финляндия Әділет канцлерімен кездесті

28 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Антикор басшысы Финляндия Әділет канцлерімен кездесті
Фото: Elordainfo.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Финляндия Әділет канцлері Туомас Пойстимен кездесті, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шараға Финляндияның Қазақстандағы елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист қатысты. 

Антикор басшысы финдік әріптестерін Қазақстанда жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформалармен және агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. 

Әлемдік қоғамдастықта кеңінен танылған жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың финдік тәжірибесін зерделеуге және пайдалануға қызығушылық білдірілді (Финляндия 2022 жылы әлемнің 180 елінің арасында Трансперенси Интернешнл бойынша жемқорлықты қабылдау индексінде жетекші 2-ші орын алды). 

Финляндияның мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік сектор қызметкерлерінің этикалық мінез-құлқының жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, Асхат Жұмағали финдік әріптестерімен және осы бағыт бойынша консультациялық-практикалық тәжірибе алмасуды белгілеуді ұсынды. 

Тараптар жемқорлыққа қарсы бірлескен жобалар мен бастамаларға өзара қызығушылық танытты. 

Туомас Пойсти Қазақстан қабылдап жатқан реформалардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі жүйелі және кешенді шаралардың маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар, фин тарапы агенттікпен әріптестік қатынастарды дамыту перспективаларына сенім білдірді.