Айтматов – Қорғалжын тас жолының қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылды
30 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: BAQ.KZ
Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жөндеу жұмысы жалғасуда. Қала тұрғындарына оң жақ съездердің жабылғаны туралы ескертіледі, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ш. Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында оң жақ съездері толық жабылып, жөндеу жұмысы жүргізілуде.
Осыған байланысты биыл 30 мамырдан 1 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2024
LRT құрылысы: Тіректерді тұрғызу жұмыстары толық аяқталды
20 қыркүйек, 2024
Елордада білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі пысықталды
20 қыркүйек, 2024
Мәслихат отырысында МӘМС мәселесі көтерілді
20 қыркүйек, 2024
Елордада мәдениет саласының қызметкерлері инклюзивті орта құруды талқылады