Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушылардан өтінімдер қабылдап жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушылардан өтінімдер қабылдап жатыр
ашық дереккөз

  Қоғамдық жұмыстар - қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстар республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты шегінде қаржыландырылады және өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалылығы мақсатында құрылады. Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтында орналастырылған Өтініштер «Documentolog» электронды құжат айналымы жүйесінің көмегімен қабылданады. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілердің арасында орындарды бөлу кезінде өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалылығына берілген орындарда жүргізілген мониторингті ескерілетін болады.