Нұр-Сұлтан қаласының профилі БҰҰ ЕЭК 81-ші сессиясында ұсынылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтан қаласының профилі БҰҰ ЕЭК 81-ші сессиясында ұсынылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211534096447548.webp)
Іс-шара барысында елордалық цифрландыру басқармасының басшысы Қасабек Ботагоз «Ақылды және орнықты қалаларға арналған бірлестік» бастамасы U4SSC (United For Smart Sustainable Cities) шеңберінде әзірленген ақылды және орнықты қалалар үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін жинау әдіснамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының бейінінің соңғы нұсқасын таныстырды. Нұр-Сұлтан қаласының профилі «ақылды қалалардың» 92 индикаторы бойынша ұсынылған деректердің негізінде жасалған және қаламыздың тіршілік әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға бағытталған. Бұл жұмыс қаланың нақты қажеттілігі бар жобаларға техникалық қолдау мен инвесторларды бағыттауға мүмкіндік береді. «Қазақстанның елордасы - Нұр-Сұлтан қаласы біртіндеп интеллектуалды жүйеге айналуда. Қазір азаматтар мен бизнестің ақпараттық дайындығы бұрынғыға қарағанда жоғары деңгейде және бүгін кез келген тұрғын 147 цифрлық мемлекеттік қызметке тәулік бойы қол жеткізе алады және онлайн ресурстарды, мобильді қосымшалар мен чат боттарды пайдалана отырып, мемлекетпен өзара іс - қимыл жасай алады», - деп хабарлады Қасабек Ботагоз.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)