«Рухани Қазына – 2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Рухани Қазына – 2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115339217251421.webp)
Мәдениет және спорт министрлігі осымен қатарынан үшінші жыл республикалық «Рухани қазына» фестивалін ұйымдастырып келеді.
«Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен мәдениет жанашырлары атсалысты. Алыс ауыл, аудан, моноқалалар мен ірі қалалардағы мәдени ойын-сауық ошақтары, кітапхана, музей қызметкерлері қатысты. Яғни, бәрі бір ортаға, бір алаңға жиналып пікір алмасып, біреуі білмегенін екіншісінен сұрап, тәжірибе жинақтады. Министрліктің ең басты көздегені де осы болатын», деді министр.
Биыл мəдениет пен өнер саласы қызметкерлері арасында байқау елдегі эпидемиология жағдайын ескере отырып, алғаш рет онлайн форматта өтті.
Қыркүйектің 28-30 аралығында қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарады. Осымен үшінші рет өткен байқауға мемлекеттік музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарынан жалпы саны 259 өтініш түсті. Оның ішінде 119 - кітапхана, 90 - мәдени ойын-сауық ошағы мен 50 - музей бар.
Әр номинация бойынша жеңімпаз ұжымға 1 000 000 теңге, әр номинация бойынша жеңген жекелей азаматқа 500 000 теңге табысталды. Жалпы номинация саны - 50.
Сондай ақ үздік деп танылған өзге де өнерпаздарға «Арнайы жүлделер» қарастырылған. Марапаттау рәсіміне өңірлерден барлық жеңімпаз қатысты.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)