«Алтын жебе-2020» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Алтын жебе-2020» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115339740442732.webp)
Атырау гарнизонының жеке құрамы жауынгерлік дабыл бойынша көтерілді. «Алтын жебе-2020» арнайы операциялар күштерін кешенді тексеру шеңберінде әскери қызметшілер марш лақтырып, қоян-қолтық ұрысқа шықты. Армиялық тактикалық оқ атулар өткізіліп, күндізгі және түнгі уақытта артиллерия атысын түзету және армиялық авиацияны бағыттау жөніндегі міндеттерді орындады. Сондай-ақ, олар әскери топография, диверсиялық іс, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, медициналық дайындық бойынша арнайы нормативтерді тапсырды. Сонымен қатар, Семей гарнизонында арнайы бөлімшелерді тексеру аяқталды. Түнгі уақытта 300-ден астам әскери қызметші дабыл бойынша көтерілді. Олар жауынгерлік мақсаттағы аймаққа он шақырымдық шеру жасады. Онда күштер мен құралдарды қолдануды ұйымдастыру мәселелері пысықталып, арнайы оқу-жауынгерлік міндеттер орындалды. Әскерлердің әрекеттерін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен радиотехникалық құралдар басқарды. Өңірлердегі тексерудің негізгі кезеңдері Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың жеке бақылауында.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)