Елордалық полицейлер телефон ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер телефон ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады
ашық дереккөз

Елордалық полицейлер 400 000 теңгенің телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап. «Қаладағы дәмханалардың бірінде 20 жастағы жігіт сол жердегі демалушылардың бірінің "Samsung Galaxy S-10" ұялы телефонын ұрлап кеткен.  Келтірілген шығын сомасы 400 000 теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған қала тұрғынын ұстады», деп көрсетті полицейлер. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Телефон иесіне қайтарылған. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады.