Елордада электр кабелін зақымдаған кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада электр кабелін зақымдаған кәсіпкер жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөз

"Келісілмеген жер қазу жұмыстары кезінде 20 кВ кабель желісін зақымдауы туралы «Астана-АЭК» АҚ өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментімен жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 305-бабы және 302-бабының 2-тармағы бойынша «Астана-авто-строй» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Осыған орай, Департамент электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында электр желілерінің күзету аймағында жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары» талаптарын орындау қажеттілігі туралы назарға салады.