Елордада қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру мен оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды
Қоғамдық Кеңес мүшелері мониторинг барысында «City Transportation Systems» ЖШС-нің елордамызда қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру және оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысын таныстырды. Алдымен қаладағы көлік қозғалысы жайлы тоқталған серіктістік өкілдері соңғы жылдары көлік ағынын оңтайландыру, бағдар шамдарды реттеу, қоғамдық көліктердің іркіліссіз жүруіне кепілдік ету жағында атқарылған жұмыстарды атап өтті. «Жаңа технологияларды қолдану – «ақылды қала» жобасының басты қағидаларының бірі. Жаңа технологиялар ірі қалалар ішіндегі көлік жүйесіне аса қажет. Соңғы жылдары елордада диспетчерлік және мониторингтік жүйені іске қосу арқылы автобустар қозғалысын мобильдік қосымша арқылы қадағалау жүйесі енгізіліп, қоғамдық көлікті оңтайландыру жұмысы оң шешімін тапты. Цифрландыру жұмыстарының нәтижесінде көлік қозғалысына қатысты басқа да көптеген мәселе шешімін тапты», - деді «City Transportation Systems» ЖШС Төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов. Отырыста бас қаладағы көлік қозғалысына қатысты мәселер де кеңінен талқыланды.
Қалиакбар Үсемханұлы