CTS компаниясы ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қызмет көрсету мәселесін түсіндіреді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
CTS компаниясы ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қызмет көрсету мәселесін түсіндіреді
ашық дереккөз

Тікелей эфирде өтетін "Ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қызмет көрсету" тақырыбындағы вебинарға қала тұрғындары қатыса алады. «Бізге елордамыздың барлық тұрғындары үшін бірдей мүмкіндіктер мен жағдайларды жасау маңызды. Вебинарда CTS Біліктілік орталығында жүргізушілерді ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қызмет көрсетуді қалай үйрететіні туралы, сондай-ақ олар үшін қоғамдық көлікте қандай жағдайлар жасалғаны туралы көптеген пайдалы ақпарат беріледі», делінген CTS компаниясының facebook желісіндегі парақшасында.