Елордалық волонтерлер Паралимпиадалық орталықта спорттық жарыстар өткізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық волонтерлер Паралимпиадалық орталықта спорттық жарыстар өткізді
ашық дереккөз

Қатысушылар теннис, волейбол, шахмат, дойбы бойынша өз шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Елордалық волонтерлер Паралимпиадалық жаттығу орталығында спорттық жарыстар өткізді. Іс-шара «Birgemiz: Nur-Sultan» ұлттық жобасының Qamqor бағыты аясында өтті. Барлығы 50 адамға арналған төрт спорттық іс-шара өткізілді. Қатысушылар теннис, волейбол, шахмат, дойбыдан шеберліктерін көрсетті. Нәтиже бойынша спортшылар Birgemiz дипломдарымен және имидждік өнімдер жиынтығымен марапатталды. Жеңімпаздарға медальдар мен кубоктар табысталды.