Тұран даңғылында 10 қазанға дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тұран даңғылында 10 қазанға дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі
ашық дереккөз

«Жолдарда жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 10 қазанға дейін Тұран даңғылындағы Керей және Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылды», - делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Осы кезеңде Қабанбай батыр даңғылы бойынша Керей және Жәнібек хандар көшесінен «Қарқаралы» айналма жолына дейінгі «Bus Lane» қоғамдық көлік жолы бойынша автокөліктің барлық түрлеріне жүруге уақытша рұқсат етіледі.