Сархат Бейсенова: Қазіргі уақытта КВИ жұқтырғандармен байланыста болған 4 172 адам медициналық бақылауда
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сархат Бейсенова: Қазіргі уақытта КВИ жұқтырғандармен байланыста болған 4 172 адам медициналық бақылауда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111960541197060.webp)
ашық дереккөз
«Наурыз мерекесінен кейінгі соңғы аптада вирус жұқтырғандар саны 10 пайызға артты. Мысалы, оған дейін аптасына 500 адамның ауырғаны анықталса, қазіргі уақытта байланыста болған азаматтар арасында аптасына 750-ге дейін науқас тіркеліп отыр. Бұл қала тұрғындарының ұйымдастырылған аумақтарда да, үй жағдайында да карантиндік талаптарды дұрыс сақтамағанын көрсетеді. Қазіргі уақытта белсенді ошақтар саны – 1 736. Оның ішінде үй ошағы – 1 081, ұйымдастырылған орындар – 655. Онда 4 172 байланыста болған адамдар медициналық бақылауда», - деді ол.
Сонымен қатар ол коронавирус жұқтыратындардың басым көпшілігі ересек адамдар екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар