«Тарлан» мұз айдынында мүмкіндігі шектеулі жандар тегін сырғанай алады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Тарлан» мұз айдынында мүмкіндігі шектеулі жандар тегін сырғанай алады
ашық дереккөз

«2019 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері негізінде ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар үшін «Тарлан» мұз айдынының қолжетімділігі үшін қайта қалпына келтіру және бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ следж-хоккей спорт түрін дамытуға жағдай жасалды»,- дейді Тарлан мұз айдынының директоры Мархат Қасымов.

Тарлан мұз айдыны - жабық мұз айдыны бар заманауи, ықшам және жайлы жаттығу кешені. Орталық Азиядағы жалғыз және ТМД бойынша төртінші жабық кешен. Жаппай сырғанау аптаның барлық күндерінде өтеді. Байланыс нөмірі: 8 7172 27-97-41. Мекенжайы: Тұран даңғылы, 5/1.