Елордада зиянкестер анықталған 8 220 түп раушан гүлі күлге айналды
Жойылған гүлдердің жалпы саны 8220 дана. Атап айтқанда: Кениядан 7640, Литвадан 580. Карантиндік зиянкестің таралуын алдын алу мақсатында батыс гүл трипсі табылған заладанған гүлдер соттың қаулысымен алынып, ЭКО-Полигон аумағында өртеу әдісімен жойылды. «Батыс гүл трипсі – карантиндік объект болып табылады. Бұл карантиндік объект өсімдіктің шырынымен қоректенуден басқа, өзінің бойында «тоспа» сияқты вирус таратады. Ол әрине қауіпті. Батыс гүл трипсі 250-ден астам өсімдік түрлерін зақымдайды. Сонымен қатар тоспа вирус тараған жағдайда жабық жылыжайлардағы қызанақ, бұрыш сияқты өнімдерін жоятын қаупі бар. Сонымен қатар соттың шешімімен өнім иелеріне әкімшілік істер қозғалып, оларға 30 - 40 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды. Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен, өткізумен, әкелумен және, шығарумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға ҚР-ның өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамасын сақтауға және орындауға кеңес беремін,», – деді ҚР АШМ АӨК МИК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысының орынбасары Сымбат Қалиасқаров. Жоғарыда аталған өнімді жою үшін өсімдіктер карантині және қорғау, фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Айдос Тілеужанов, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік бақылау басқармасының бас маманы Оразбек Иманқұлов, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бас маманы Нұрпейіс Шынтілеуов, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ветеринария және өсімдіктерді қорғау бөлімінің бас маманы Әсем Мусина комиссия мүшелері ретінде қатысты.