Бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын кім ала алады?
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын кім ала алады?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111958136442726.webp)
Бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары», «Жетім балалар» және «Көп балалы отбасылар» санаттары бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының қызметкерлері және ІІМ жанындағы Полиция департаментінің қызметкерлері ала алады. «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары», «Жетім балалар» және «Көп балалы отбасылар» «Бақытты отбасы» (2-10-20) және «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы шеңберінде сертификатқа үміткер бола алады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша сертификат бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй сатып алуға беріледі. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша сертификат бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға беріледі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты білім беру (тек педагогикалық қызметкерлер: мұғалімдер, тәрбиешілер және т.б.), денсаулық сақтау (тек медицина қызметкерлер: дәрігерлер, медбикелер және т.б.), мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ІІМ жанындағы Полиция департаментінің қызметкерлері «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде сертификатқа үміткер бола алады. «Ол үшін азамат көрсетілген тұрғын үй бағдарламаларының біріне қатысуға өтініш береді. Сосын төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өтіп, нарықта тұрғын үй табуы тиіс. Соңында банктен ипотекалық қарызға мақұлдау алады және тек осыдан кейін ғана тұрғын үй сертификатының сомасын есептеу үшін банктен деректемелері бар хабарламасымен Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша орналасқан Тұрғын үй орталығына жүгінуге қажет. Сертификат алу үшін 2021 жылға табыс отбасының әрбір мүшесіне 68 604 теңгеден аспауы тиіс. Мысалы: кәмелетке толмаған екі баласы бар толық емес отбасының ай сайынғы ресми табысы 205 812 теңгеден аспауы тиіс (68 604*3=205 812)», делінген хабарламада. Қажетті құжаттар: Нысан бойынша өтініш. Оны құжаттарды тапсыру кезінде Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында толтырылады; өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек және кәсіпкерлік қызмет бойынша соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама (отбасының барлық мүшелеріне; халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтама; ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтер бар өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ хаты; өтініш беруші мен жұбайының соңғы 6 айдағы кірістерін растайтын зейнетақы үзінді көшірмесі. Сертификат алуға өтініш 3 жұмыс күні қарастырылады.Тұрғын үй сертификаты ақысыз негізде беріледі және бұл соманы қайтаруды талап етпейді.