Кенесары хан мен Сыдық сұлтанның шын тарихы жарық көрді - Берік Уәли

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кенесары хан мен Сыдық сұлтанның шын тарихы жарық көрді - Берік Уәли
ашық дереккөз

[caption id="attachment_71518" align="alignnone" width="960"] Фото: Берік Уәли/Facebook[/caption]

"Кенесары хан мен Сыдық сұлтанның шын тарихы жарық көрді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуы керек. Бөтен идеологияның жетегінде жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді». Қазақ сұлтаны Ахмет Кенесаринның «Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы - сондай тарихи еңбек. Белгілі ақын Ербол Алшынбай қазақ тарихы үшін аса құнды еңбек сұлтан Ахмет Кенесаринның «Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабын шағатайшадан қазақшаға аударып, ғылыми түсініктемелерін жазып, кітаптағы дерекке сай Кенесары хан мен сұлтан Сыдықтың жорық жолдарының картасын салдырып баспадан шығарды", - деп жазды Берік Уәли. 

Оның сөзінше, бұл кітап шағатайшадан қазақшаға тұңғыш аударылып отыр.

"Кенесары хан мен оның әулеті, ұлы сұлтан Сыдық туралы көптеген ғылым үшін жаңалық болатын деректер айналымға түсті. «Насаб наме сұлтан Сыдық» - ұлттық көзқараспен жазылған, біздің халқымыздың мүддесі тұрғысынан пайымдалған тарихи еңбек. Жазбаның авторы Ахмет сұлтан Кенесарыұлы әкесі Кенесары хан мен ағасы сұлтан Сыдықтың сан қилы күреспен өткен өмірін көрген, сол күрестердің бел ортасында өзі де жүрген. Қазақтың соңғы ханының жолбарыстай жортып өткен өнегелі өмірін, оның еуропалық үлгідегі әскермен бетпе-бет келген кезде, қаруы кемшін түссе де, ерекше әскери айлаларымен талай жеңіске жеткенін біз осы кітаптан көреміз", - деді ол. 

[caption id="attachment_71519" align="alignnone" width="960"] Фото: Берік Уәли/Facebook[/caption]