Елордада 3 700-ден астам медицина қызметкері COVID-19 жұқтырғандарды емдеуге жұмылдырылды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 3 700-ден астам медицина қызметкері COVID-19 жұқтырғандарды емдеуге жұмылдырылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111959039117622.webp)
ашық дереккөз
«Елордалық дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер күшейтілген жүктемемен жұмыс жасап жатыр. Қазір 3 700-ден астам медицина қызметкері осы індетпен күресуге жұмылдырылды. Қажет болған жағдайда инфекциялық стационарларға жұмысқа келетін мамандар резерві бар», - деп көрсетті басқарма басшысы.
Қазір Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған адамдарды емдеуге арналған 11 стационар бар, олардың 10-ы инфекциялық, ал біреуі карантиндік орын. Ол Рамада Плаза қонақ үйінде орналасқан. «3 медициналық ұйымда қосымша 300 орын дайындап жатырмыз», - деді Тимур Мұратов. Наурыз мерекесі кезінде COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өскен. Бұл адамдар көп жиналатын жерлерге бару және санитарлық нормаларды сақтамау және карантин режимін бұзуымен байланысты.
Ұқсас жаңалықтар