10 мыңдай адамға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салынды - Тимур Мұратов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
10 мыңдай адамға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салынды - Тимур Мұратов
ашық дереккөз

«Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір 9 988 адамға вакцина салынды. Оның  4 650 медициналық қызметкер, ал 1 799 педагог. Вакцина салғаннан кейін асқыну не басқа да кері әсерлер тіркелмеген», деді Тимур Мұратов. Бастапқы медициналық-санитардық көмек көрсететін 36 ұйымның әрқайсысында штаттық режимде екпе жасайтын 2 кабинет жұмыс істейді. Екпеден кейін пациенттердің жағдайын бақылайтын күту залы бар. Барлық емханаларда тоңазытқыш, термоконтейнерлер бар. «Вакцинаны сақтау үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады», деп нақтылады басқарма басшысы.