Жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатқан пациенттер саны артты - Тимур Мұратов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатқан пациенттер саны артты - Тимур Мұратов
ашық дереккөз

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, елордада 14-наурыздан бастап вирус жұқтыру көрсеткіші 24% - ға артқан. Ақпан айында тәулігіне орташа алғанда 100 адамнан коронавирус анықталса, наурыздың екінші онкүндігінен бастап бұл көрсеткіш 230 адамға дейін көбейген. Бұл өткен жылдың жазындағы жағдайға ұқсас дейді мамандар. «Нұр-Сұлтан қаласында 25 наурызға дейін 3 754 адамнан КВИ анықталғаны тіркелді. Бұл 2020 жылдың шілде айындағы көрсеткішпен тең. Қазір  инфекциялық стационарларда 489 адам ем алып жатыр. Сонымен қатар жан сақтау бөліміне түскен пациенттер саны артқанын да атап өту керек. Қазір онда 55 пациент ем алып жатыр», деді Тимур Мұратов.