Елордада қыркүйектен бері 1 590 оқушы коронавирус жұқтырған
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада қыркүйектен бері 1 590 оқушы коронавирус жұқтырған](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111960811448246.webp)
ашық дереккөз
"Оқу жылының басынан бастап 25 наурызға дейінгі CОVІD-19 жағдайы бойынша оқушылар арасында барлығы 1 590 жағдай тіркелді, оның ішінде 487 (+10) немесе 30,6% оффлайн режимде оқушылар арасында 1 103 (+6) жағдай, яғни қашықтан оқудағы оқушылар арасында 69,4%. Яғни, наурыз айында оффлайн режимде оқитын оқушылар арасында сырқаттанушылық 10%-ға өсті", - деді С.Бейсенова.
Сондай-ақ оқу жылының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 92 мектеп карантинге жабылды. Жыл басынан бері мектепке дейінгі балалар мекемесіне келген науқас балалардың саны - 145.
Ұқсас жаңалықтар