Александр Мокин Ұлттық құрамаға оралды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Александр Мокин Ұлттық құрамаға оралды
ашық дереккөз

Бұған дейін БАҚ отбасындағы жағдай ең тәжірибелі қақпашыны ұлттық құрамадан кетуге мәжбүр етті деп жазған болатын. Ұлттық құраманың бірінші нөмірі Стас Покатиловтың еншісінде қалуы керек еді. Бірақ, біздің басылымға белгілі болғандай, Мокин командаға оралып, екі жақты жаттығу матчына қатысқан. Әлем кубогы үшін Франциямен өтетін матчта бапкерлер штабы сенім артса 39 жастағы қапашыны Гризманн, Мбаппе секілді әлем футболының жұлдыздарына қарсы ойында көруіміз мүмкін. Мокин соңғы рет Ұлттық құрама сапында 2014 жылы Түркияға (1:3) қарсы матчта қақпа күзетті. Естеріңізге сала кетейік, француздармен кездесу 28 наурызда елорда уақытымен 19:00-де «Астана Аренада» өтеді.