Елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды
ашық дереккөз

Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды. Комиссия төрағасы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, төрағаның орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, комиссия хатшысы – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов. Комиссия құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, фермерлер, салалық бірлестіктер мен фермерлер одағының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бар.