«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының бірінші кезеңі 2 - 3 сәуірде өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының бірінші кезеңі 2 - 3 сәуірде өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111959138209919.webp)
Тестілеуді 2 және 3 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін тапсыруға болады. «Тестілеуді бастамас бұрын өзіңізде логин мен құпия сөз бар екеніне көз жеткізіңіз. Логин - тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөмірі, ал құпия сөзді тіркелу кезінде өзіңіз көрсеттіңіз. Егер құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, "Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?" түймесін басыңыз. Қалпына келтіру SMS хабарлама немесе электрондық пошта арқылы ғана мүмкін. Тестілеуді бастамас бұрын, сізде құрылғы (смартфон, планшет, компьютер) және тұрақты интернет байланысы бар екенін анықтаңыз. Интернет-байланыстың сапасы мен құрылғылардың жарамдылығы үшін Олимпиада ұйымдастырушылары жауап бермейді. Тестілеу кезінде интернет байланыс үзілген жағдайда тестілеу аяқталады», деп көрсетті Елбасы академиясының баспасөз қызметі. Тестілеуді бастағанға дейін жеке кабинетке кіруге болады. Осылайша логин мен құпия сөзді дұрыс енгізілуін тексеріп, жеке кабинетпен танысып, «Тестілеу» бөліміне өту керек. Ұйымдастырушылар алдыңғы сұраққа оралуға және қандай да бір өзгеріс енгізу мүмкіндігі болмайтынын ескертті. Сонымен қатар қандай да бір санаттарға жататын қатысушылар үшін артықшылықтар көзделмеген. Сондай-ақ, қайта тапсыру немесе апелляция болмайды. Тестілеу нәтижелері тестілеу аяқталған сәттен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде жарияланады.