Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында 700-ден астам адам құтқарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында 700-ден астам адам құтқарылды
ашық дереккөз

2021жылғы 24 наурызда «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 13 өңірде дауылды ескертулер жарияланды.Нұр-Сұлтан қаласы Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД дағдарыс орталықтарында жедел штабтар жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты 5 өңірде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесі және облыстық маңызы бар автожолдардың 37 учаскесінде жол жабық. «Нұр-Сұлтан қ., Ақмола және Қарағанды облыстарындағы бекеттерде 232 бірлік техника, оның ішінде 154 бірлік жүк және 78 бірлік жеңіл техника тұр. ТЖМ аумақтық бөлімшелері өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарында қар құрсауынан 724 адамды, оның ішінде 111 баланы құтқарды, 425 бірлік техниканы шығарды Ақмола және Қарағанды облыстарының жылыту пункттеріне 463 адам, оның ішінде 75 бала орналастырылды», делінген хабарламада. Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ЖАО және жол қызметтері барлығы 608 адам және 325 бірлік техника жұмылдырылды. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 57 СМС-хабарлама жіберілді, "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 53 хабарлама жіберілді, халық 112 және 101 пульттеріне көмек көрсету және ақпарат алу үшін 6886 рет жүгінді. ТЖМ азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар