Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 75 жол апаты тіркелді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 75 жол апаты тіркелді
ашық дереккөз

"Қолайсыз ауа райы қаладағы жол жағдайын едәуір қиындатты, дегенмен жағдай бақылауда болды. Елордалық полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдады. Тәртіп сақшылары қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге барынша көмек көрсетті", деп көрсетті Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция жүргізушілерге қар құрсауынан көлік құралдарын шығаруға және оларды сүйретуге көмектесті, қарда тұрып қалған автокөліктерді итеріп, кептелістің алдын-алу үшін жолдың қиын учаскелеріндегі қозғалысты реттеді. Полицейлерге өздерінің жол талғамайтын көліктерінде белсенді азаматтық ұстанымын көрсете отырып, жүргізушілерге көмектескен қоғам белсенділері да үлкен көмек көрсетті. Жол қауіпсіздігін қамтамасыздандыру бойынша барлық шаралар қабылданды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция Департаменті ауа-райының жағдайын ескере отырып, барлық жүргізушілерден барынша мұқият болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтауды және жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды. Жаяу жүргіншілерге де сақ болу керек, жолды тек белгіленген жерлерде өту керек.