Қала әкімдігі табиғи және техногендік апаттардың зардабын жоюға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қала әкімдігі табиғи және техногендік апаттардың зардабын жоюға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті
ашық дереккөз

«Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға ден қою жағдайында қала әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ны жоюға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Бұл жоспар Полиция департаменті,  Ұлттық Ұлан  және ҚР ҚМ Ақмола өңірлік гарнизонымен келісілді. Құрамында 663 адам бар топ жасақталды және 185 бірлік техника дайын.  48 бірлік техника, оның ішінде 2 бірлік ӨСС-110, 14 жүзу құралы, 40 мотопомпа және 1 тікұшақ бар», -деп көрсетті басқарма басшысы. Бұған қоса қаланың коммуналдық қызметі 190 адам, 138 бірлік техника, ӨСС 22 бірлік техниканы дайындаған. Атап айтқанда 67 мотопомпа, 67 АС машинасы, 6 суару және жуу машинасы, 2 бу қондырғысы мен 5 трактор сорғысы қажет кезінде жұмысқа тартылады.