Қалалық әкімдікте су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қалалық әкімдікте су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111966432032982.webp)
«Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін «Астана Тазалық» ЖШС базасында 12,6 тонна инертті материалдар қоры, 3,5 мың қаптар дайындалды. 2021 жылдың 24 наурызына «Астана-Энергия» АҚ көмір қоры 294 060 тонна қатты отынды құрайды. Атап айтқанда ЖЭО-1- 56 815 тонна, ЖЭО-2- 237 245 тонна және мазуттың жалпы қоры 6 756 тоннаны құрайды», деп көрсетті Бауыржан Бейсенқанов. Сонымен қатар азық-түлік және ЖЖМ жеткізу бойынша 3 меморандум жасалды, оның ішінде азық-түлікпен жабдықтау бойынша «Мол Дастархан» және «Тағзым» қоғамдық тамақтану желісімен 2 меморандум және ЖЖМ бойынша «PetroRetail» ЖШС 1 меморандум жасалған. Сондай-ақ, 2020 жылы Төтенше жағдайлар кезінде халықты қоныстандыру бойынша «Жігер», «Әлқуат», «Нұрғалиев Б» ЖК және «АЮ» хостелімен меморандумдар жаңартылды және жалпы саны 1500 адамға арналған 10 уақытша орналастыру пункті дайын.