Мәжіліс депутаты Сырым Ертаев жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәжіліс депутаты Сырым Ертаев жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады
ашық дереккөз

«Құрметті қазақстандықтар! Жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз келіп жетті. Жердің тынысын тыңдап, табиғаттың қадірін әбден ұққан дархан пейілді халқымыз үшін бұл мерекенің орны бөлек. Қыстан қиналып шыққан түліктің аузы көкке ілініп, көптің ақ дастархан басына жиналатын уақыты ғой. Сондықтан халқымыз бұл мерекеде ақ батасын беріп, игі тілегін жаудырған, жаңа жылдан жақсылықты күткен. Өткен жыл сынағымен келсе, биыл береке мен ырысқа, қуаныш пен табысқа толы жыл болсын! Аты жаман вирусты алқымдап, қалыпты тіршілігімізге қайта оралайық! Әр шаңырақта шаттық болсын! Еліміздің іргесіне ырыс тұрақтап, егемендігіміз нығая берсін!» - деді Сырым Ертаев.