Елорданың мектеп кітапханаларына 200-ден аса кітап сыйға тартылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың мектеп кітапханаларына 200-ден аса кітап сыйға тартылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111976924803410.webp)
Шара барысында «Қайырымды істер марафоны» мен «30 игі іс» акциясы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде шығарылған «Қоғамдық сананы жаңғырту: тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер» кітабы мен «Жас ақын» және «Жастар жырлайды» өлеңдер жинақтары, сонымен қатар Ұлттық академиялық кітапхананың қорынан елордадағы 19 мектептің кітапханасына 200-ден астам кітап сыйға тартылды.
Аталған іс-шараға Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Дәуренбекқызы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов, қаладағы жалпы білім беретін мектеп директорлары қатысты.
[caption id="attachment_70432" align="alignnone" width="1280"] Фото: Сұлтан Сейітов[/caption]
«Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — кітап оқуды трендке айналдыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан кітаптарды мектеп қабырғалары мен басқа да білім ордаларының кітапханаларына табыстай отырып, жастарға қазақ тілінде шыққан кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Кітап – адамзаттың ең құнды рухани байлығы. Сондықтан да біз кітапханалар қорын қамтамасыз ету үшін осы сынды акциялар ұйымдастырып отырамыз. Бұл акцияда тек «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ғана емес, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының «Nur Otan» партиясының «Бірлік» филиалы мен Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы белсенділік танытты», – деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева.
Сыйға тартылған кітаптар оқушылар мен ұстаздардың назарларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және еліміздің дарынды жастарының туындыларымен таныстыру, сондай-ақ «Елорда – білімді орда» кітапсүйер қоғамын қалыптастыру мақсатында ұсынылып отыр.