Асхат Аймағамбетов: Ректорлар оқытушылардың жалақысын көтеріп, педагогикалық жүктемесін төмендетуі тиіс
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Асхат Аймағамбетов: Ректорлар оқытушылардың жалақысын көтеріп, педагогикалық жүктемесін төмендетуі тиіс](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111973340644838.webp)
Мәселен, ҚазҰУ-да оқытушының орташа жалақысы 108 мың теңге болса, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 105 мың теңге, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде – 101 мың теңге, ал Қарағанды индустриалды университетінде 99 мың теңге. Мұндай жалақы мөлшері оқытушыларды аса ынталандыра қоймайтыны анық. «Әлбетте, мұндай жалақы мөлшері оқытушыларды аса ынталандыра қоймайтыны анық. Кейбір жоғары оқу орындары оқытушылардың жалақысын көтеру кезінде лауазымдық жалақы мөлшерін негізге алған. Ал лауазымдық жалақы мөлшері оқытушылардың түрлі қосымша ақыларды қоса алғандағы нақты жалақысынан төмен екенін айта кеткен жөн. Басқа жоғары оқу орындары жалақыны педагогикалық жүктемені көбейту арқылы арттырды. Нәтижесінде бірқатар оқу орнында оқытушы ставкасының көлемі 900 сағатқа дейін жетті», – деп атап өтті министр. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап БҒМ-ге ведомстволық бағынышты жоғары оқу орнында штаттағы оқытушы айына кем дегенде 200 мың теңге, аға оқытушы – 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алуы тиіс. Бұл жалақының ең төменгі мөлшері болуы керек. Сондай-ақ әр жоғары оқу орны оқытушылардың белгілі бір жетістіктері үшін басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, төлей алады. Бұдан басқа, педагогикалық жүктеменің максималды көлемі 1 ставка үшін 680 сағаттан аспауы тиіс. Осы бұйрықтың орындалу барысын ЖОО директорлар кеңестері мен Білім және ғылым министрлігі бақылауда ұстайтын болады.