Құранның таңдамалы сүрелер жинағы Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығына тапсырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Құранның таңдамалы сүрелер жинағы Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығына тапсырылды
ашық дереккөз

«Elorda Aqparat» ЖШС заңгері Әсет Қайырхан Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығына «Қалам Шәріп» кітабын тапсырды. "Көне кітапты үйде сақтауға болмайды. Тиісті мекемелерге өткізу қажет. Бұл кітаптың бірінші бетінде "1901 жыл" деп жазылған. Бұл кітаптың нағашыларымыздың қолына қалай түскені туралы нақты білмедік. Бәлкім, татар молдасы сыйға тартқан болар деп ойлаймыз. Жалпы, кітапты сақтаудың өз тәртібі бар ғой. Сондықтан әулеттің үлкендерімен ақылдасып, кітаптың өмірін ұзартып, тіпті, оған екінші өмір сыйлау үшін осы орталыққа табыстауды жөн деп шештік», - деді Әсет Қайырхан. Көне кітапты сыйлағаны үшін Ұлттық орталық директоры Мәлік Отарбаев «Elorda Aqparat» ЖШС заңгері Әсет Қайырханға өзінің ризашылығын білдірді.