Нұр-Сұлтанда автобус парктері мен автобустар ауқымды дезинфекциядан өткізілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда автобус парктері мен автобустар ауқымды дезинфекциядан өткізілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115826328587093.webp)
20-21 маусым күндері Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жасалды. Негізінен адам көп жиналатын орындар қамтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Қалалық қызметтермен қатар, автобус парктері де дезинфекция жұмыстарына қатысты. Дезинфекция автобустар мен автопарк ғимараттарында жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. 22 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы бағдарлардың қозғалысы қайта жанданады. Экспресс бағдарлардың линияға шығуы туралы ақпарат қосымша беріледі. Бағдарларда күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жүргізушілер соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жұмыстарын одан әрі қарай да жүргізеді. Жолаушылардан бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз — автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Автобусқа отыру — тек алдыңғы есік арқылы. Жол жүру ақысы қолма-қол қаржысыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)