Елордаға құстар қайтып келді – Берік Жәкенов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордаға құстар қайтып келді – Берік Жәкенов
ашық дереккөз

Қалаға құстар қайтып келді. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов Facebook парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Ұсақ-түйек болғанымен, жанға жағымды. Нысанды аралау кезінде "Нұр жол" желекжолындағы торғайлар тобын бақыладым. Егер байқасаңыздар, қалада құстар пайда бола бастады. Бұл – жақсылықтың белгісі. Өткен жылы қаладан құстардың жоғалып кеткені туралы көп естідім, өзім де көрдім. Оның себебін айту қиын. Бірақ бүгінде елорданың қақ ортасында торғайлар толып жүр", – деп жазды Берік Жәкенов.