Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 20 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 20 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115834422195378.webp)
Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған бірқатар үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Санитария нормаларын қатаң сақтай отырып, құрылыс қарқынын арттыру қажет. Қаланы аралау барысында құрылысы ұзаққа созылған бірқатар үйлердің құрылыс жұмыстарымен таныстым. «Шығыс 2,3 кезек», «Зере 1», «Ақерке-2» тұрғын үй кешендерін биыл тапсырамыз. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 20 тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға береміз», - деп жазды А.Көлгінов.
8 мыңға жуық үлескер пәтерлеріне кіріп, тұрғын үй құжаттарын ресімдей алады.
Өткен жылы 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй пайдалануға берілді.
[caption id="attachment_20419" align="alignnone" width="960"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)