Елордадағы әскери клиникалық госпиталь Covid-стационар негізінде қайта құрылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы әскери клиникалық госпиталь Covid-стационар негізінде қайта құрылады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтандағы әскери клиникалық госпиталь Covid-стационар негізінде қайта құрылады. Сондай-ақ қажет болған жағдайда стационар ретінде қаланың бірқатар әскери медициналық мекемелері де тартылатын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Елордада індет жұқтырғандар үшін қосымша 400 провизорлық орын құрылды. Атап айтқанда, ауруханалар базасында инфаркт, инсульт және қант диабеті бар адамдарға (КВИ-ге күдікті) жеке кереуеттер анықталды. Бұрын пневмониямен және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауыратын науқастар үшін жеке корпустар ашылып, олар қосымша коронавирусқа тексерілген болатын.