АШМ. Субсидиялаудың 16 бағытының 5-еуі толық автоматтандырылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![АШМ. Субсидиялаудың 16 бағытының 5-еуі толық автоматтандырылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122749310478004.webp)
АШМ агроөнеркәсіптік кешеннің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша тиімсіз субсидиялар азайтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Осыған байланысты, 2019 жылғы 27 мамырда тыңайтқыштардың құнын субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізілді. 2019 жылдың бірінші тоқсанынан бастап субсидия алуды жеңілдету үшін барлық субсидиялар электронды форматқа көшірілді, барлық растайтын құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ЖСН арқылы автоматты түрде сұралады. Айта кетерлігі, бұрын тізім 5-7 құжаттан тұратын. Бұл қызметтерді көрсетуге кететін уақытты орташа 7-10 күннен 2-3 күнге дейін қысқартуға, сондай-ақ субсидиялар туралы шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және өтініштерді қарау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта субсидиялаудың 16 бағытының 5 толық автоматтандырылды, қалған 11 бағытта қызмет көрсетуді автоматтандыру сынақ мерзіміне енгізілді.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)