Нұр-Сұлтан қаласында «Парасат» оқырман клубы ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан қаласында «Парасат» оқырман клубы ашылды
ашық дереккөз

Осыған орай, елордалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева мен Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, аталған екі ұйым өз тараптарынан ұйымдастырылатын мәдени-ағартушылық іс-шараларды бірлесе отырып атқаруға келісті. «Парасат» оқырман клубының мақсаты классикалық әлем және қазақ әдебиетінің «100 кітап» жобасына енген шығармаларды оқып, талқылау арқылы қала тұрғындарының кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан кейін қазақ қоғамында жақсы бір серпіліс болды. Кейде ұлттық саясат мәселелерімен кейбір басшыларға барғанда «жоғары жақтан бір құжат жоқ қой» деген әңгіме болатын. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын толық оқыған адам адал ниетімен елге пайдалы дүние жасауға болатындығын түсінеді» деді Дәулеткерей Кәпұлы. Сондай-ақ шара барысында Ақерке Жұманбаева, жазушы Төкен Әлжан сөз алып, кітап оқу мәдениеті жайында өз ойларын ортаға салды.  

Азамат Есенжолов