Сарыарқа ауданының көшелеріне 2 мың дана жарық диодты шамдар орнатылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сарыарқа ауданының көшелеріне 2 мың дана жарық диодты шамдар орнатылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115858223342782.webp)
Бүгіннен бастап Сарыарқа ауданының 8 көшесінде ескі шамдарды 2 000 дана заманауи жарық диодты шамдарға ауыстырылады. Бұл туралы аудан әкімі Ерғали Егемберді facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жеңіс даңғылы бойына (Есіл өзені жағалауынан Біржан сал көшесіне дейін) – 390 дана. Біржан сал көшесіне (Есенберлин көшесінен Гете көшесіне дейін) – 41 дана. Бөгенбай батыр даңғылына (Уәлиханов көшесінен Мәскеу көшесіне дейін) – 283 дана. Сейфуллин көшесіне – 1,9 км. (Республика даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейін) – 101 дана. Республика даңғылына – 1,1 км (Бөгенбай батыр даңғылынан Гете көшесіне дейін) – 66 дана. Қосшығұлұлы көшесі – 1,1 км (Күмісбеков көшесінен Бейсеков көшесіне дейін) – 166 дана. Н.Тілендиев даңғылына – 7,3 км (Мәскеу көшесінен айналма жолға дейін) – 930 км. Бигелдинов көшесінде – 0,5 км (Сарыарқа даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін) – 23 дана. Мамандардың пікірінше, энергия үнемдейтін шамдардардың әртүрлі түрлерінің арасында ең тиімдісі жарық диодты шамдар болып табылады. Олар әдеттегі қыздыру шамдарына қарағанда 90% үнемді, құрамында уытты заттар жоқ, яғни, арнайы кәдеге жаратуды қажет етпейді. Жұмыс істеген кезде жылу бөлмейді және қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Жарық диордты шамдарға көшкен соң, электр энергиясын үнемдеу 65-70% (СКК-250 МВт/ч жарық диодты 150 МВт/ч қарсы) құрайды.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)