Замир Сағынов: Еліміз бойынша жолдарға жұмсалатын қаржы көлемі – 750 млрд теңге

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Замир Сағынов: Еліміз бойынша жолдарға жұмсалатын қаржы көлемі – 750 млрд теңге
ашық дереккөз

«Еліміз бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салуға, жөндеуге 750 млрд теңге қаржы жұмсалады. Біздің тарапымыздан сапаға көбірек көңіл бөлінеді. Жиырма мыңдай жолға тексеріс жүргіздік. Оның барлығы – жергілікті бюджет және республикалық бюджет есебінен тікелей келісімшартпен істеліп жатқан жұмыстар. Әр облыстағы жағдай әртүрлі. Дейтұрғанмен келісімшарттар аясында жұмыстарды жүргізіп отырмыз», - деді ол.