Алтай Көлгінов Алматы ауданындағы аулаларды абаттандыру жұмысымен танысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов Алматы ауданындағы аулаларды абаттандыру жұмысымен танысты
ашық дереккөз

Алтай Көлгінов Алматы ауданындағы аулаларды абаттандыру жұмысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Аулаішілік аумақтар мен балалар алаңдарын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Аулаларды балалардың да, ересектердің де қажеттіліктерін ескере отырып дамытамыз. Аулаларда балалар ойын алаңдары, мини-футбол мен баскетбол ойындарына арналған спорт алаңдары, тренажерлармен қамтылған спорт алаңдары, тыныш демалыс аймағы және т. б. болады. [caption id="attachment_19237" align="alignnone" width="1018"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption] «Алматы ауданының бірқатар аулаларында болдық. Мәселен, Айнакөл 56 көшесіндегі алаң 1700 адамға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Биыл барлығы 150 аула, 50 қоғамдық орын (саябақтар, скверлер) абаттандырылады. Жұмыс қаланың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр», делінген қала әкімінің instagram желісіндегі парақшасында. [caption id="attachment_19239" align="alignnone" width="1018"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption] Кездесуде тұрғындар жарықтандыру, аялдама мен үйдің іргетасын орнату және т.б. бойыншы бірқатар мәселелерді көтерді.