Нұр-Сұлтандағы 33 колледж бен кәсіптік білім беру мекемесінде 26 мың студент білім алады – Қадырова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтандағы 33 колледж бен кәсіптік білім беру мекемесінде 26 мың студент білім алады – Қадырова
ашық дереккөз

«Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы 33 колледж бен кәсіптік білім беру мекемесі 26 мың студентті қамтып отыр. Оның ішінде бұл студенттердің 14 мыңнан астамы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды. 77 мамандық және 120 біліктілік бойынша кадрларды даярлау жүргізіледі. 2017 жылдан бері баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру жобасы екі бағыт бойынша іске асырылуда. Олар – жергілікті бюджет есебінен жұмысшы мамандықтарын орта буын бойынша кадрлар даярлау және нәтижелі жұмыспен қамтуды, сонымен қатар жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде», - деді ол.