Қазақстан Елшісі Аустралияның Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан Елшісі Аустралияның Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115288848643901.webp)
Орын алған сұхбат барысында қазақстандық дипломат Д.Хёрлейге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Елші Аустралия Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Океаниядағы маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынына сендірді. А.Арыстанов Қазақстан-Аустралия қатынастарының одан әрі кеңеюі үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. COVID-19 қарамастан, ірі аустралиялық компаниялар қазақстандық нарыққа белсенді түрде кіруде. Алдағы 2-3 жылда Қазақстан экономикасына 55 миллион АҚШ доллардан астам инвестиция құйылады деп күтілуде. Тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын ұтымды пайдалану, технологиялар трансферті және халықаралық білім беру сияқты салалардағы ынтымақтастықтың келешегі зор. Өз кезегінде Д.Хёрлей А.Арыстановты Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Елшісінің қызметіне кірісуімен құттықтап, оны шекаралар ашылғаннан кейін өз еліне сапар шегуге шақырды. Генерал-губернатор елдеріміздің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдауын атап өтті және Қазақстанды ауқымды саяси және экономикалық жетістіктерімен құттықтап, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ көпжақты тректегі ынтымақтастықты тереңдетуге өзара қызығушылық білдірді.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)