Алексей Цой ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алексей Цой ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты
ашық дереккөз

Министр бейне конференцияны ұйымдастырған көршілес Өзбекстан мемлекетінің Денсаулық сақтау министрлігі мен ТМД Атқару комитетіне алғысын білдіріп, елімізде коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық шаралары туралы баяндады. «Пандемияның алғашқы апталарынан бастап ел Үкіметі күш-жігерді экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфекцияның таралуына қарсы шаралар әзірлеуге бағыттады. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Ведомствоаралық комиссия құрылды, COVID-19 мәселелері бойынша жедел штаб жұмысын бастады, сондай-ақ, министрлік жанынан эпидемиологиялық ахуал бойынша сарапшылардың республикалық штабы құрылды», - деді А.Цой. Сонымен бірге, аз уақыт ішінде республикада халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 16 инфекциялық кешен салынғанын тілге тиек етті. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша, айына 60 мыңға жуық науқасты COVID-19 инфекциясынан айықтыруға екі айлық қор құрылғанын, қосымша санитарлық көліктер сатып алынғанын да хабарлады. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріне 100 мобильді медициналық кешен жеткізілген, бұл ең алдымен шалғай аймақтар үшін пандемия кезінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады. А.Цой ең алдымен министрліктің қызметі халықтың денсаулығын сақтау мәселелерін реттеуді күшейтуге, эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтарды дәрі-дәрмектермен, жеке қорғаныс құралдарымен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарды салу, конверсиялау және қаржыландыру, медициналық мамандарды қолдау деп атап өтті. Отырысқа Кеңес мүшелері мен Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан, сондай-ақ ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы, ТМД және Еуразия онкология және рентгенологиялық радиология орталықтары мен институттарының директорлары қауымдастығы, Халықаралық федерация мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары, сондай-ақ мүдделі ұйымдар мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Қатысушылар коронавирус инфекциясымен күресте ТМД-ға мүше мемлекеттердің өзара байланысын дамыту, сондай-ақ қант диабетінің алдын алу және емдеу бойынша ТМД ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру және бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Сондай–ақ, «ТМД және Еуразия онкология және рентгенорадиология орталықтары мен институттары директорларының қауымдастығы», ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің онкология саласындағы базалық ұйымы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық медициналық радиология ғылыми зерттеу орталығы» арасында ынтымақтастық және алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету бойынша персоналды даярлау жолымен антропогендік тәуекелдерді жою бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсынымдар талқыланды. Отырысқа қатысушылар ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының Қоғамдық денсаулық сақтау жүйелерінің ұлттық функционалдық әлеуетін шолу және мемлекеттер деңгейінде COVID-19 ден қою шараларын мониторингілеу және бағалау бойынша үздік тәжірибелерді анықтау мақсатында төтенше ден қою жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы ұсынысын қолдауға шешім қабылдады. Отырысқа қатысушылар ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының Қоғамдық денсаулық сақтау жүйелерінің ұлттық функционалдық әлеуетін бақылау және мемлекеттік деңгейде COVID-19 инфекциясын алдын алу шараларын мониторингілеу және бағалау бойынша үздік тәжірибелерді анықтау мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы ұсынысты бірауыздан мақұлдады. ТМД мемлекеттерінде COVID-19 эпидемиологиялық, клиникалық және ғылыми деректерді жинау, талдау мақсатында Кеңеске 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін жіті респираторлық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі кезеңінде коронавирус инфекциясының ерекшеліктері және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде популяциялық иммунитеттің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат ұсыну тапсырылды. Сонымен қатар, кездесу қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қант диабеті мәселелері жөніндегі сарапшылар кеңесіне 2016-2020 жылдарға арналған қант диабетінің алдын алу және емдеу жөніндегі бағдарламаның орындалу қорытындылары туралы ақпаратты және статистикалық деректерге талдау жасау тапсырылды.