Elorda Live. Байқоңыр ауданының әкімі қызметінің алғашқы айлары немен айналысқаны туралы айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Elorda Live. Байқоңыр ауданының әкімі қызметінің алғашқы айлары немен айналысқаны туралы айтты
ашық дереккөз

Elorda Aqparat медиахолдингі мен Astana TV телеарнасының бірлескен жобасы Elorda Live бағдарламасында сұхбат берген Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әкім болып тағайындалғаннан соң ақпан айынан бері ауданда қандай жұмыстар атқарылғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ақпан айында ауданға басшы болып тағайындалған сәттен бастап алдымен көктемгі су тасқынының алдын алу міндеті тұрды. Бізде сондай 12 орын бар. 100 мың текше метр шалшық су сорылып, арнайы комиссия құрылды. 18 шақырымдық арық тазаланды. Осылайша су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді. Әрине, бастапқыда қиын болды. Алайда бәрі сәтімен болып, ешқандай шығынсыз өттік. Сонымен қатар, өздеріңіз білесіздер, 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында бүкіл республика бойынша коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі болды. Осы екі ай уақыт ішінде блок бекеттерде қауырт жұмыс жүргізіліп, тұрғындар тарапынан түрлі өтініш-тілектер келіп түсті. Жалпы, ТЖ кезінде аудандағы 2 мыңнан аса отбасы азық-түлік топтамасымен қамтамасыз етілді.

***

Біз қоғамдық кеңістік жұмысына баса назар аударып отырмыз. Биыл ауданымызда 10 қоғамдық кеңістік бойынша жұмыс жүргізіледі. Абаттандыру бойынша жұмыстар жалғаса береді. Бұл қаланың орталық аумақтарын ғана емес жақын тұстарды да қамтитын болады. «ҚазГрад» жұмысын аяқтаған болсақ, «Кирпичныйда» бастадық. Ал «Өндірістегі» Ақбидай, Тайбурыл көшелерінде қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру басталды.

***

Бұл ең алдымен ауданның тұстарына байланысты. Егер ауданның орталық тұстарының тұрғындары болса, ПИК-тің жұмысы, аулаларды абаттандыру мәселесі, жарықтандыру, қоқыстарды шығару проблемаларын жиі қозғайды. Ал Кирпичный, Өндіріс, Қазгородок тұрғындары жолдарды жөндеу, қалпына келтіру, сол сияқты жарықтандыру, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру секілді түрлі проблемаларды қозғайды.

***

Күн жылысымен қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын бастап кеттік. Көктем мезгілінде шамамен 1000 түп ағаш отырғыздық. Қазір қаланы көзгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, біз әсіресе аулаларды абаттандыру жұмыстарына баса назар аударып отырмыз. Биыл Байқоңыр ауданында шамамен 50 аула абаттандырылады. Оның ішінде 30 аула бойынша жұмысты бастап кеттік. Ал 2-еуінің жұмысы аяқталды.

***

Ауданымызда барлығы 235 аула бар, оның 107-сі толықтай жөндеу жұмыстарын талап етеді. Аулаларды абаттандыру жұмысының уақыты қаржыландыру мәселесіне байланысты, дегенмен алдағы 3 жылда аяқтау жоспарланып отыр. Ал егер біз биыл 50 ауланы жөндейтін болсақ, 70%-ға дейін барлық аула алаңдарын ретке келтіреміз. Біз 15 алаңның жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз.

***

Телефон арқылы аудан тұрғыны хабарласып, өз кәсібін ашу үшін Байқоңыр әкімдігі тарапынан қандай көмек болатынын сұрады. «Біз сізге кеңес беруге дайынбыз. Бізге Отырар көшесі, 5 мекенжайына келе аласыз. Сізді жеке қабылдаймын. Сол жерде қажет кеңес беремін. Барлық сауалды реттейміз», - деді әкім.

***

Жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай бағдарламалар бар? «29 жасқа дейінгі жастарға 5 млн теңгеге дейін арнайы гранттар беріледі. Бұл қаржыландыру тамыз айында басталады. Оған дейін Момышұлы даңғылы, 2/11 мекенжайындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында арнайы курстан өту керек», - дейді ол.

***

Шағын және орта кәсіпкерлік «Даму» қоры арқылы қарастырылады. 4 бағыт бойынша, яғни «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Астана бизнес-2» бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізіледі. Алғашқы 3 бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банктерден 6 пайыздық үстемеақымен кредит беріледі. Ал «Астана бизнес-2» бағдарламасы бойынша үстемеақы 8,5 пайызды құрайды. Қалғаны субсидия арқылы жүзеге асырылады.

***

Егер осы бағыт бойынша жұмыс жүргізгісі келетіндер болса, аудан әкімдігінде арнайы бөлім бар. Осы бөлім арқылы барлық сұрақты талқылауға болады. Мекенжайымыз – Отырар көшесі, 5. Кеңсеге келіп те, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (инстаграм, фейсбук) парақшалары арқылы да жүгінуге болады.

***

Әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізіледі. Бүгіннің өзінде Сейфуллин – Омаров көшелерінің қиылысында жаңа мектеп салынды. Қазіргі уақытта онда абаттандыру жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар №31 мектептің қосалқы ғимараты салынып жатыр. Жаңа оқу жылына дейін дайын болады. Сондай-ақ «Өндіріс» тұрғын алабында жаңадан денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тағы да мектеп салу жоспарда бар. Сол сияқты қазіргі уақытта құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлер биыл пайдалануға берілуі тиіс.