Сыртқы істер министрлігі: Орталық Азия елдері мен Үндістан ынтымақтастықты тереңдетуде
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сыртқы істер министрлігі: Орталық Азия елдері мен Үндістан ынтымақтастықты тереңдетуде](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721152904827511.webp)
Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту және тұрақты өсуді қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімді көпжоспарлы өзара іс-қимылды кеңейту, мемлекетаралық байланыстарды тереңдету мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың, осы форматқа қатысушы мемлекеттердің көліктік өзара байланыс жөніндегі бастамаларын іске асырудың, сондай-ақ өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға өзара көмек көрсетудің перспективалары қаралды. Министрлер сыртқы саяси ведомстволардың күш-жігерін көпжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды бағыттарына шоғырландыруға, экономикалық және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді. Орталық Азия мемлекеттері мен Үндістанның көпжоспарлы ынтымақтастығының жандануы көпғасырлық достық, өзара құрмет пен пайда дәстүрлеріне сәйкес ортақ мүдделерге жауап береді және әлеуметтік-экономикалық прогрестің, өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызды факторы болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия мен Үндістан Сыртқы істер министрлерінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)