Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады – БҒМ
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады – БҒМ](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211528928678597.webp)
Бұл норма оқуларын жалғастыру барысында студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған. Қазіргі уақытта ҚР БҒМ білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына лицензиясы тоқтатылған ЖОО білім алушыларын ауыстыру бөлігінде қосымша өзгерістер енгізу бойынша жоғары оқу орындарынан түсіп жатқан бірқатар ұсыныс қарастырып жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар орын алса, студенттер лицензияның ықтимал кері қайтарылуын күтпей-ақ басқа ЖОО-ға ауыса алады. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар мүдделі ұйымдармен келісу бойынша тиісті рәсімдерден өтеді. Сондай-ақ ҚР БҒМ жабылатын жоғары оқу орындарының студенттерін басқа ЖОО-ға ауыстыруды қамтамасыз ететін болады. Бұл ретте студенттерді қабылдайтын жоғары оқу орындарының оқу құнын көтермеуі бойынша мәселелер шешілетін болады.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)