Шетелдегі және Қазақстанға қоныс аударғысы келетін қандастарға қолдау көрсету мәселелері талқыланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шетелдегі және Қазақстанға қоныс аударғысы келетін қандастарға қолдау көрсету мәселелері талқыланды
ашық дереккөз

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстанның астанасында өткен 5-ші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі қандастар мен тарихи Отанына келген этникалық қазақтарды қолдауға бағытталған бірқатар нақты нұсқауларды атап өтті.

Қоғамдық комиссия мүшелері бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Сонымен, Ақмола облысының Нұрлы көш (Красный Яр) ауылындағы қандастарға арнап салынған үйлерді жекешелендіру мәселесі көтерілді.

Өңірлерде ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды тегін жер учаскелері туралы пікір алмасу болды.

Сонымен қатар, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қандастарды солтүстік аймақтарға қоныстандыру бойынша мемлекеттік саясатты жандандыру туралы сұрақтар көтерілді.

Іс-шараға комиссия мүшелері, атап айтқанда: комиссия төрағасы және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бейбіт Мамраев, сондай-ақ елге сыйлы, беделді қоғам қайтеркерлері болып табылатын Комиссияның басқа да мүшелері қатысты.

Сонымен қатар, ақпарат және қоғамдық даму, сыртқы істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылды.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Таткеев; жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Гүлжахан Бимендина; комиссия мүшесі, профессор Қайрат Бодаухан және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілі Алмаз Қошманов баяндама жасады.

Қоғамдық комиссияның қорытындысы бойынша шетелдегі қандастарды және тарихи Отанына көшуді қалайтындарды қолдау шаралары туралы ұсыныстар берілді.